Жаңалықтар

19.01.2014

1986 жылғы 16 желтоқсан күллі қазақ халқының жадында мәңгілік сақталған күн. Бұл күн қазақ халқының асқақ рухының танылған күні болатын. Дәл осы күні жер бетінде Тәуелсіз Қазақстан дейтін алып мемлекет пайда болған еді…
Иә, сол бір 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы соңғы белесінің бірі болатын. Сондықтан болар, әр жыл сайын бұл күнді бүкіл Қазақстан ерекше атап өтеді. Сол дәстүр бойынша 10- желтоқсан күні 9 «г» сынып тәрбиешісі Г.Т. Өтелбаеваның ұйымдастырумен «Ар- намысым, қасіретім, қуанышым- Желтоқсан» атты әдеби- шығармашылық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағат барысында 9 «г» сынып оқушылары өз ойларымен бөлісіп, өлеңдер оқыды. Желтоқсан оқиғасына байланысты бейне материалдарды көрермен назарына ұсынды. Әсерлі өткен тәрбие сағатқа жиналған көпшіліктің де бағасы ерекше болды.

19.01.2014

Елбасы онкүндігіне байланысты 4- желтоқсан күні 7 «а» сынып тәрбиешісі Г. Полатованың ұйымдастыруымен «Елбасы- біреу, ел-жұрты- тіреу» атты тәрбие сағаты көрермен назарына ұсынылды. Іс- шараның мақсаты оқушыларға егемендіктің қадірін ұғындыру, сол жолдағы тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың елеулі еңбектерімен таныстыру болатын. Шынында, Қазақстан дербес мемлекет ретінде танылғанынан бастап ел іргесінің шайқалмай, халықтың тыныштық пен бейбітшілікте өмір сүруі де Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі емес пе?! Міне, осындай тақырыптарды өзіне арқау еткен тәрбие сағат та жақсы дәрежеде өтті. Тәрбие сағатқа 7- сынып оқушылары арасынан Әбдіғали Бекарыс, Ұласбек Сұңғат, Мақұл Ләйла, Есімбек Аружан, Қайратқызы Әсел, Паштан Санжарқожа секілді жас өнерпаздар белсене атсалысты.

19.01.2014

Желтоқсан айының 2-7-сі аралығында «Друзья, прекрасен наш союз» атты орыс тілі пән апталығы болып өтті. Түрлі тақырыптарда қабырға газеттері ілініп, ашық сабақтар өткізілді және сайыстар ұйымдастырылды.

13.11.2013

Мектебіміздің оқушыларының білімін, өнерін шыңдау үшін пән апталықтары басталып кетті.
Ең бірінші мектепте болып өткен пән апталығы- ағылшын пәні апталығы болды. Апталық 7-11-қазан аралығын қамтыды және 11 қазан күні ағылшын пәні апталығының қорытынды кеші болды.
Апталыққа орай, түрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді.
10-қазан күні 11-сыныптар арасында елтану пәні бойынша сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 11 «г» сынып оқушылары иеленді.

12.11.2013

Ұстаз-біздің шыңға шығуымыздың басты себепшісі.
6- қазан күні ұстаздар мерекесіне орай тәрбиеші Тотаева Ұлжан апайдың ұйымдастыруыменен 10 «г» сыныбы ұстаздарға арнап тәрбие сағатын өткізді. Бұл тәрбие сағатта ұстаздарға арналып сыңғырлата ән айтылды, күмбірлете күй тартылды. Тәрбие сағатына: 10 «б» сынып оқушысы Құлдыбаев Шыңғыс, 9 «б» сынып оқушысы Ходжалипесова Айдана, мектептің күйші қыздары «Керғұлы» күйімен белсене атсалысты.
Тәрбие сағатта педагог- психолог Өмірәлиева Гүлзипа Төребекқызына және 8 «а» сыныбының тәрбиешісі Сидинова Гүлсім Өтебекқызына сөз берілді. Олар өздерінің оқушыларға деген ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, тәрбие сағат соңында оқушылар ұстаздарды тағы да мерекесімен құттықтап, өлеңдете тұрып шоқ гүлдерін ұсынды.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат