Жаңалықтар

14.01.2015

9.01 -10.01.2015 ж. күндер аралығында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.Олимпиадада мектебіміздің оқушылары көрсеткен нәтижені атап айтар болсақ:
1. 10 «Г» сынып оқушысы Мұрат Айнұр І орын, жетекшісі Шахабаев Шекербек
2. 9 «В» сынып оқушысы Нәсіралиева Меруерт І орын, жетекшісі Адилбекова Алтынай
3. 11 «В» сынып оқушысы Байтуреева Нурила ІІІ орын, жетекшісі Мирзабекова Гулнар
4. 10 «Б» сынып оқушысы Асхатұлы Рамазан ІІІ орын, жетекшісі Костубаева Гулсара
5. 10 «А» сынып оқушысы Өтеген Бекет Мақтау қағазы, жетекшісі Бектасова Эльвира
6. 11 «Г» сынып оқушысы Жолдасбай Диана Мақтау қағазы, жетекшісі Амирова Айгүл
Облыстық олимпиадада І орынды иеленген оқушылар 10 «Г» сынып оқушысы Мұрат Айнұр, 9 «В» сынып оқушысы Нәсіралиева Меруерт Республикалық кезеңге жіберіледі. Дарынды достарымызға сәттіліктер тілейміз.

14.01.2015

18.12 -19.12.2014 ж. күндер аралығында өткізілген облыстық ғылыми жоба жарысына мектебіміздің оқушылары қатысып 10 жүлделі орындар иеленді. Атап айтар болсақ:
1. 10 «Г» сынып оқушысы Орынбасар Гүлбану І орын жетекшісі Сүлейменова Гүлмайра
2. 10 «Б» сынып оқушысы Зұлпыхар Меруерт ІІ орын жетекшісі Бектасова Эльвира
3. 10 «Б» сынып оқушысы Садуақас Арайлым ІІ орын жетекшісі Жамурова Гулнур
4. 11 «А» сынып оқушысы Асқарбек Арман ІІ орын жетекшісі Бектасова Эльвира
5. 10 «Б» сынып оқушысы Тұрғынова Күлаш ІІ орын жетекшісі Баймуратова Жайна
6. 10 «Б» сынып оқушысы Асхатұлы Рамазан ІІ орын жетекшісі Костубаева Гулсара
7. 11 «А» сынып оқушысы Контекова Ағиба ІІІ орын жетекшісі Бектасова Эльвира
8. 10 «А» сынып оқушысы Өтеген Бекет ІІІ орын жетекшісі Тұрышева Әсел
9. 11 «В» сынып оқушысы Ержанқызы Ұлжан ІІІ орын жетекшісі Мирзабекова Гулнар
10. 9 «А» сынып оқушысы Көбей Елбилер ІІІ орын жетекшісі Ильмурадова Нағима

05.11.2014

Биылғы оқу жылында мектебіміздің ұстаздары тарих пәнінің мұғалімі Джайлыбаева М, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алибаева Б, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байғұтова Г, біліктілігін арттыру мақсатында «Кембридж әдіс- тәсілдерінің негіздері» атты 3 айлық деңгейлік курстардан өтуде.

27.09.2014

Мектебімізде жұмыс жасайтын оқушылар ғылыми қоғамының секция жетекшілері жаңадан тағайындалды.

27.09.2014

11а сынып оқушысы Әшімтай Қанатбек ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысына қатысып, айлық ойынның жеңімпазы атанды.

10.09.2014

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

11.04.2014

Наурыз айының бесінші жұлдызында көктемнің алғашқы жаршысындай мереке- 8-наурыз Халықаралық әйелдер, қыз-келіншектер күніне орай мектебімізде «Көктем аруы-2014» байқауы ұйымдастырылды.

11.04.2014

Көктемнің шуақты мерекесіне байланысты наурыз айының төртінші жұлдызында 8 «б» сынып оқушыларының «Ана-өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

14.02.2014

Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдстыруымен қаңтар айының 27-сі мен ақпан айының 1-і аралығында «Бір тіл, бір халық, бір ел» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Апталық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытынды кеш өткізілді.
Апталық барысында өткізілген ашық сабақтарда Кембридж әдіс-тәсілдері, «Блум» таксономиясы бойынша мұғалімдер «Сағат», «Сэндвич» әдістері, критериалды оқыту және бағалау, топтық жұмыстарын жүргізді. Сабақтарда әртүрлі щығармашылық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады.
Ал 9-сыныптар арасында сыныптан тыс «Айтылмаса – сөз жетім» атты дебат өткізілді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Дебат жақсы деңгейде өтті. Апталықтың соңы «Бір тіл, бір халық, бір ел» атты қорытынды кешімен аяқталды. Кеш патриоттық тұрғыда, тәрбиелік мәнге көп көңіл бөлінді. Жалпы алғанда апталықтың барысы жақсы деңгейде өтті.

19.01.2014

14-желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебіміздің «домбыра», «драма» үйірме мүшелерінің қатысуымен тәуелсіздіктің іргелі белесі саналатын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты қойылған көріністер тұла бойды шымырлатып, көрермен қауымның көзіне еріксіз жас алдыртты.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат