Жаңалықтар

14.10.2019

ШҚББ  19-қыркүйек 2019 жылғы №10-06-03/7365/2 хатына сәкес  4-14 қазан аралығында «Қыз болашағы – ел болашағы» тақырыбында онкүндік жарияланып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәрбиеші Д.Юлдашеваның ұйымдастыруымен  «Қыздар сұлу көрінер қылығымен…» тақырыбында қыздар кеңесінің жиналысы өтті. Жиналысқа 8-10 сыныптың қыздары және жатақхана меңгерушісі А.Усипбаева қатысты. Оқушыларға жеке бас гигиенасы,  қыздардың киіну мәдениеті, бөлме тазалығы мен қыздырдың көпшілік орындардағы қылықтары туралы әңгіме жүргізді.

Онкүндік барысында «Бойжеткен – болашақ  ана» тақырыбында гинеколог мамандармен кездесу ұйымдастырылып, қыздардың болашақ ана екендігі, сол үшін тән тазалығы мен жан сұлулығына көп көңіл бөлу керектігі туралы кеңестер берілді. Кездесуге мектеп дәрігер-педиатры А.Текебаева, медбике Б.Балтекеева,  Шымкент қалалық №1 емхана маманы,  акушер-гинеколог Ж.Е. Қайсарова қатысып, қыздардың ойында жүрген сұрақтарға жауаптар берді.

10-қазан күні тәрбиеші Г.Оспанова «Әжелер кеңесімен» бірге 5-сыныптар үшін «Асыл әже» тақырыбында әжелермен кездесу өткізді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетсе, әжелер балапандарына өздерінің өмір мектебінен алған білімдері мен өнегелерін ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтып өтті.

Тәрбиеші Г.Кулназарованың ұйымдастыруымен «Аналар – асыл  қазынам» тақырыбында аналармен кездесу өткізілді. Кездесу  барысында аналарымыз қыздың тәрбиесіне үлкен мән берілу керектігі,  ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Қыздарымыз өз кезегінде өнерлерін ұсынып, үй шаруасына қалай қолғабыс тигізетіндерін көрсетті.

04.10.2019

Мектеп   оқушылары   Нұрсұлтан  қаласында  2019 жылдың   1-2 қазан күндері ұйымдастырылған «Болашаққа жол өзіңнен  басталады»  тақырыбындағы семинарға қатысып, Елбасының  мұражайы мен кітапханасына саяхат жасап  қайтты.

25.09.2019

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»  жұмыс бағыты  бойынша  мектеп оқушылары  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының  қалалық  кезеңіне қатысып жүлделі  орындарды  иеленді  (қыркүйек  2019 жыл).

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауының  қалалық кезеңінің жеңімпаздары  (республикалық  кезеңге жолдама алғандар)

14.12.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «STEM» білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Методические рекомендаций по внедрению STEM образования Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования им. Ы.Алтынсарина

Жүктеу үшін 21 STEM сілтемесін басыңыз

15.02.2016

«Инфоурок» халықаралық қашықтық олимпиадасы

2015-2016ж2015-2016ж-2

2015-2016ж-3

2015-2016ж-42015-2016ж-52015-2016ж-6

27.04.2015

Сәуір айында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де физика пәнінен 9-11 сыныптар аралағында ұйымдастырылған олимпиадаға мектебіміздің оқушылары қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындар иеленді. Атап айтар болсақ,
9а сынып оқушысы Райбек Ұлбала І орын
9а сынып оқушысы Жанабек Жазель ІІ орын
11б сынып оқушысы Ибрагимов Қуаныш ІІ орын
11б сынып оқушысы Махмуд Ақерке ІІІ орын
11б сынып оқушысы Қантбек Диана ІІІ орын
Білімді жастарымызға келешекте биік шыңдардан көріне беріңдер демекпіз!

12.03.2015

Облыстық ғылыми жоба жарысының жүлдегерлері, атап айтар болсақ, 10Б сынып оқушысы Зұлпыхар Меруерт тіл білімі секциясы бойынша II жүлделі орынды, сонымен қатар 10Г сынып оқушысы Орынбасар Гүлбану тарих секциясы бойынша I жүлделі орынды иеленді. Гүлбану мен Меруерт ОҒЖЖ II турында тестте жоғары нәтиже көрсетіп, Республикалық ғылыми жоба жарысына жолдама алды. 16.02-21.02.2015ж күндер аралығында Алматы қаласында өтетін ғылыми жарыста мектебіміздің атын асқақтататынына сенеміз.

Сәттілік тілейміз.

12.03.2015

«Ақбота» интеллектуалдық марафонының жүлдегерлері
2014-2015 оқу жылы

Оқушының аты — жөні сыныбы Жалпы ұпайы
1 Уалиханұлы Бағлан 8 81
2 Түймебекұлы Бекболат 8 81
3 Маратқызы Әсел 8 80
4 Туғанбай Назгүл 8 80
5 Мырзабай Азамат 8 80
6 Султанханова Арайлым 8 80
7 Өтенова Дина 8 80
8 Оразәлі Нұрбақ 8 80
9 Кеңес Думан 8 80
10 Сейдрахым Нұржол 8 79
11 Спат Ақжол 8 79
12 Нышан Лаура 8 78
13 Мұхтар Береке 8 78
14 Сержанов Сұлтан 8 78
15 Әсілхан Ғани 8 78
16 Паштан Санжарқожа 8 77
17 Орынбасар Нұрдәулет 8 77
18 Асқар Мақсат 8 77
19 Қияқбай Айгерім 8 76
20 Исах Әсем 8 76
21 Мирзакулов Шерхан 8 76
22 Нышан Шахмұхамед 8 75
23 Молдабекова Диана 8 74
24 Шамрек Диана 8 74
25 Қайратқызы Асель 8 73
26 Смайылхан Айдар 8 73
27 Әділхан Диана 8 73
28 Сәрсембаева Гаухар 10 79
29 Мақұлбек Жайна 10 78
30 Шырынбек Айдана 10 77
31 Мұсатафа Нурила 10 77
32 Зармамбетова Гаухар 10 76
33 Мұрат Айнұр 10 76
34 Жолдасбек Айсұлу 10 76
35 Әділбай Дана 10 75
36 Орынбасар Гүлбану 10 75
Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат