Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиада

18.11.2019

Бүгінгі күн жақсы жаңалықпен бастау алды. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиаданың қалалық және республикалық кезеңдерінде ерекше жетістіктер көрсеткен  11 сынып  оқушылары  Бақытжан  Ернар  мен Алдашов Бағдаулет  мектеп директорының  Алғыс хатымен  марапатталды. 11 «А» сынып оқушысы Бақытжан  Ернар  олимпиаданың республикалық кезеңінде ерекше жетістік көрсеткені үшін  «Дарын» РҒПО-ның Грамотасымен марапатталды.

Кикбоксингтен  жасөспірімдер  арасында   ұйымдастырылған  республикалық  турнирде  І орынды иеленген 6 «А» сынып оқушысы Ноғай Эрик марапатталды.

«Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында ұйымдастырылған  мектепішілік  футбол жарысында жүлделі орындарды иеленген сыныптар мен  белсенді ойын көрсеткен оқушылар мектеп директорының  мақтау қағазымен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат