«Қыз болашағы – ел болашағы»

14.10.2019

ШҚББ  19-қыркүйек 2019 жылғы №10-06-03/7365/2 хатына сәкес  4-14 қазан аралығында «Қыз болашағы – ел болашағы» тақырыбында онкүндік жарияланып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәрбиеші Д.Юлдашеваның ұйымдастыруымен  «Қыздар сұлу көрінер қылығымен…» тақырыбында қыздар кеңесінің жиналысы өтті. Жиналысқа 8-10 сыныптың қыздары және жатақхана меңгерушісі А.Усипбаева қатысты. Оқушыларға жеке бас гигиенасы,  қыздардың киіну мәдениеті, бөлме тазалығы мен қыздырдың көпшілік орындардағы қылықтары туралы әңгіме жүргізді.

Онкүндік барысында «Бойжеткен – болашақ  ана» тақырыбында гинеколог мамандармен кездесу ұйымдастырылып, қыздардың болашақ ана екендігі, сол үшін тән тазалығы мен жан сұлулығына көп көңіл бөлу керектігі туралы кеңестер берілді. Кездесуге мектеп дәрігер-педиатры А.Текебаева, медбике Б.Балтекеева,  Шымкент қалалық №1 емхана маманы,  акушер-гинеколог Ж.Е. Қайсарова қатысып, қыздардың ойында жүрген сұрақтарға жауаптар берді.

10-қазан күні тәрбиеші Г.Оспанова «Әжелер кеңесімен» бірге 5-сыныптар үшін «Асыл әже» тақырыбында әжелермен кездесу өткізді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетсе, әжелер балапандарына өздерінің өмір мектебінен алған білімдері мен өнегелерін ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтып өтті.

Тәрбиеші Г.Кулназарованың ұйымдастыруымен «Аналар – асыл  қазынам» тақырыбында аналармен кездесу өткізілді. Кездесу  барысында аналарымыз қыздың тәрбиесіне үлкен мән берілу керектігі,  ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Қыздарымыз өз кезегінде өнерлерін ұсынып, үй шаруасына қалай қолғабыс тигізетіндерін көрсетті.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат