«Друзья, прекрасен наш союз!»

19.01.2014

Желтоқсан айының 2-7-сі аралығында «Друзья, прекрасен наш союз» атты орыс тілі пән апталығы болып өтті. Түрлі тақырыптарда қабырға газеттері ілініп, ашық сабақтар өткізілді және сайыстар ұйымдастырылды.
Апталық барысында Г.Ж. Қостубаева, С.К. Бекболатов, А.А. Баймұсаева сынды орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері әртүрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізді.
6- желтоқсан күні 8- сыныптар арасында «Орыс тілінің жас білгірлері» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 8 «б» сыныбынан Махмұт Әділжан, Сабыров Дәурен, Мәтен Нұрислам, Сайлау Айдәулет қатысты, ал 8 «в» сыныбынан Нәсірәлиева Меруерт, Жантуған Айгерім, Тауасарова Сымбат, Әділбек Жаннұр қатысты. 8 «г» сыныбынан Ертаев Дияс, Жақсылық Әсел, Аманжолов Нұрбақыт, Жүсіпбек Сымбат атсалысты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды:
1. «Разминка»
2. «Грамматическая арифметика»
3. «Конструктор слов»
4. «Интеллектуальный марафон»
5. «Интервью»
Сайыс қорытындысы бойынша 1- орынға 8 «б» сынып оқушылары, 2- орынға 8 «в» сынып оқушылары, ал 3- орынға 8 «г» сынып оқушылары ие болды.
Апталықтың қорытынды кешінде достық тақырыбындағы өлеңдер айтылып, әндер шырқалды. Қорытынды кешке 7 «а», 9 «а», 9 «г» сынып оқушылары белсене атсалысты.

druzia-prekrasen-nash-sayouz

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат