Біздің мектеп

Біздің мектепОңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын №1 мектеп-интернаты 24 мамыр 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балалар қолдау және дамыту» мақсатындағы №3002 Жарлығымен және Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің №153, 03.07.1997 ж. күнгі шешімімен ашылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында шығарылған «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерді ашу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы №387 бұйрығына сәйкес мектеп-интернат «Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №1 мектеп-интернат» болып өзгертілді.
Оқу дарынды балаларды көптілді оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Оқу-тәрбие жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі.

1997-2017жж. аралығында білім мекемені Боранбаев Бегалы Сардарұлы басқарған.

Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат